Қаржы • 02 Маусым, 2017

Еуразиялық банк халыққа алтын құймаларын сата бастады

314 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Еуразиялық банк» АҚ халыққа алтын құймаларын сату бағдарламасын бастау арқылы ҚР Ұлттық Банкінің халыққа тазартылған алтынның қалыпты құймаларын сату және сатып алу бағдарламасына қатысушылардың алғашқыларының бірі болды.

Еуразиялық банк халыққа алтын құймаларын сата бастады

Қазірге Еуразиялық банкте алтын құймаларын сату географиясы – Астана, Алматы, Өскемен және Атырау қалаларын қамтиды.

Бағдарламаға қатысатын алтын құймалары Қазақстан теңге сарайында жасалған және төрт түрде ұсынылған: 10, 20, 50 және 100 грамм. Әр құйма механикалық зақымданудан аулақ болуға көмектесетін арнайы тоғанаққа салынған. Құймаларда және тоғанақта қорғаныш элементтер бар және олар актив сапасының сертификаты болып табылады. Тоғанақ тұтастығы құймалар құнының сақталуына кепіл болып табылады.

Алтын құймаларын бұлайша инвестиция құралы ретінде пайдалану артықшылықтарының бірі – банктің клиентке «күнбе күн»  ақшаны төлеуінің алғашқы талабын орындайтын, халықтан алтын құймаларын сатып алу міндетін қамтамасыз ететін, болжалды жоғары өтімділігі.

«Ұлттық Банктің бұл бағдарламасы – еліміздің қаржы секторының болашақ дамуы мен халыққа көрсетіліп жүрген қаржы қызметтерінің алуан түрлілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Нарықтың қазіргі конъюктурасын және сарапшылар қауымы тарапының алтын бағасының өсуіне болжалдарын  ескерсек, реттеуіштің бастамасы өте дер кезінде екенін байқаймыз. Алтынға қаржы салу – жинақтарыңызды валюталық бағамдардың ауытқуларынан және құнсызданудан сақтаудың сенімді әдісі әрі ұзақ мерзімді келешекте ол аса жоғарғы табыс алу құралы да бола алады. Бір қуантарлығы, ол осы қорғаныш активке қаржы салу енді жеке қаражат салушыларға да қолжетімді болып», – деді «Еуразиялық банк» АҚ Басқарма Төрағасы Павел Логинов.

Айнаш Есали,

«Егемен Қазақстан».

Алматы